×

Атырауда 573 миллион теңге жымқырған емхана бухгалтері сотталды

Ол бұл қаржыны қасақана пайдақорлық ниетпен 2012-2023 жылдар аралығында  иемденіп алған

Атырауда 573 миллион теңге жымқырған емхана бухгалтері сотталды
yandex.com

Атырауда емхана бухгалтері 573 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды  Qaz365.kz

Атырау қаласының №2 сотында аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденгені, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін айыпталушыға қатысты қылмыстық іс  (ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 1-бөлігі) қаралды.

“Атырау қалалық емханасының бас бухгалтері қызмет бабын пайдаланып, қасақана пайдақорлық ниетпен 2012-2023 жылдар аралығында өзіне сеніп тапсырылған 573 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденіп, банктердегі өз есепшоттарына аударған. Қылмыстық жолмен алынған осы қаражатты аудару түрінде мәмілелер жасау арқылы заңдастырған. Емханаға аса ірі мөлшерде залал келтірілген. Істі қарау барысында сотталушы 3 млн теңгені өтеді”, – делінген сот хабарламасында.

Прокурор сотталушыны 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, шынайы түрде өкініп, жеңіл жаза түрін тағайындауды сұрады.

“Сотталушының айыбын ішінара мойындап, шынайы түрде өкінуі, асырауында жас балаларының болуы, келтірілген зиянды ішінара өтеуі  – жеңілдететін мән-жай ретінде танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотталушы тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленіп, қаражат және материалдық жауаптылыққа байланысты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген сот шешімінде.

Апелляция бірінші сатыдағы соттың үкімімен келісті. Сот үкімі заңды күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ерболат Досаев: Алматыда метро желісі әуежайға дейін ұзартылады
Бүгін, 15:31

Ерболат Досаев: Алматыда метро желісі әуежайға дейін ұзартылады

Қалада метро, LRT және БРТ сияқты қоғамдық жылдам көлік біздің басымдығымыз болуы керек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →