×

Доллар 600 теңгеге жете ме: Ұлттық экономика министрі жауап берді

Теңге бағамы өзгермелі және нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа тәуелді

Доллар 600 теңгеге жете ме: Ұлттық экономика министрі жауап берді
Фото: elements.envato.com

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров министрлер кабинетінде өткен брифингте жыл соңына дейін доллар бағамы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Брифинг барысында журналистер кейінгі кездері 490 теңгеге дейін көтерілген доллар бағамына қатысты мәселе көтерді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейбір экономистер доллар 600 теңгеге дейін "секіруі" мүмкін деп болжайды.

Осы орайда журналистер министрден доллор бағамына байланысты қандай өзгеріс болжанғанын сұрады.

"Біз әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасаған кезде бюджетті қалыптастырудың орташа бағамын, оның кіріс бөлігін көрсеттік. Бұл болжамды өзгертпейміз, егер біз жылдық динамикаға келсек, біз орташа есеппен осы шекте тұрмыз, сондықтан біздің болжамдарымыз жыл соңына дейін қайта қаралмайды", - деді министр Нұрлан Байбазаров.

Оның айтуынша, теңге бағамы өзгермелі және нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа тәуелді.

"Жоспарларымызды көріп отырсыздар, жыл соңына дейін Ұлттық қордан түсетін трансферттердің барлығы теңге бағамына оң әсер етеді", - деп сендірді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов доллар бағамының кейінгі кездегі көтерілуі Қазақстан үкіметінің әлеуметтік болжамына әсер етуі мүмкін деп жауап берген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ерболат Досаев: Алматыда метро желісі әуежайға дейін ұзартылады
Бүгін, 15:31

Ерболат Досаев: Алматыда метро желісі әуежайға дейін ұзартылады

Қалада метро, LRT және БРТ сияқты қоғамдық жылдам көлік біздің басымдығымыз болуы керек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →