×

Дәулет Тұрлыханов: Ұлым ұйықтай алмай жүр, денсаулығына алаңдаймын

Депутат баланың артынан аңду бар деп күдіктенеді

Дәулет Тұрлыханов: Ұлым ұйықтай алмай жүр, денсаулығына алаңдаймын
Фото: ашық дереккөздерден

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов пробациялық тәртіпті бұзып, тойда көрінген ұлы Нұрасыл Болатты қорғап сөйледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қай әке баласы жаман болсын деп тәрбиелейді. Қолдан келгенше тәрбие бердік. Бала бірақ жақсы. Бірақ не үшін қалай болып жатқанын білмеймін. Бір баланың артынан аңду бар. 21 жастағы бала. Ертең жүйкесі тозып, аруу болып қалса оған кім жауап береді? Сондықтан, балам өте жақсы, тәрбиелі. Бүгінгі күні өзінің жолдастарымен араласуға болмай ма? Туған күнге баруға болмай ма? Сол жағы, денсаулығы мені қатты ойландырады», - деді депутат Парламентте журналистерге.

Депутат баланың артынан аңду бар деп күдіктенеді. Отставкасы туралы сұрақты өз сайлаушылары шешетінін мәлімдеді. Өз жұмысына жоғары баға берді.

«Ұлым 21 жаста. Оны бас бостандығынан не үшін айыру айыру керек? Сағат кешкі 20.30-да әріптестерімен отырған. Ішпеген. Бірден түрмеге қамайтын болсақ, ол тәрбие емес. Бәрі болуы мүмкін (өз-өзіне қол салуы мүмкін бе деген сұраққа). Күн сайын жазады. Телефонда бәрі жазып жатыр. Біреу жақсы айтса, біреу жаман айтып жатыр. Ол бала да ойланады. Ол балаға жаным ашып жүр. Ұйқысы жоғалды. Қазір балама ұрыспаймын. Денсаулығын ойлап отырмын», - деді Дәулет Тұрлыханов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →