×

Түркістан облысында тұратын балалардың 80%-ы тіс жегіден зардап шегуде

Ауыз қуысы гигиенасын сақтаудың денсаулық үшін маңызы зор

Түркістан облысында тұратын балалардың 80%-ы тіс жегіден зардап шегуде
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласындағы «Doctor Sabira» жеке стоматологиялық клиниканың дәрігері Сабира Сапарғали бүгінде Түркістан облысында тұратын балалардың 80%-ы тіс жегіден зардап шегіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі таңда балалар арасында тіс ауруы көп. Көпшілігі тіс жегісі және пародонтит ауруына шалдыққан. Тіпті аурудың асқынуынан балалардың бет сүйегі қисайып кету деректері де жиі кездеседі.

Тіс күтімін сәби шақтан бастаған дұрыс. Бұл ата-аналардың тікелей міндетіне кіреді, ерте жастан балаларға арнайы тіс күтімін қолданған жөн.

«Әрбір баланың, ересектердің жеке тіс щеткалары болуы керек. Тіс щеткаларын 3 айда жаңартып отыру қажет. Тіс щеткалары жұмсақ, орташа, қатты қылшықты болып үшке бөлінеді. Балалардың өздеріне арналған арнайы тіс щеткасы болады, олардың қылшықтары жұмсақ. Жаңа тіс щеткасын қолданар алдында сабынмен әрі ыстық сумен жуу керек. Тісті тазалап болғаннан кейін тіс щеткасын жуып, жоғары қаратып стаканға салып қою керек. Өйткені, дымқыл щеткаға бактериялар үйір. Олар тез өрбіп дамиды. Тіс пасталарын да дұрыс таңдай білген жөн. Балаларға арнайы «Детская», «Апельсиновая», «Чебурашка», «Мятная» пасталары ұсынылады. Тісті неғұрлым дұрыс тазалау керек екенін балаға үйретіңіз. Ең бастысы тіс пастасын тек тіске жағып шығу ғана емес, онымен тісті жақсылып тазалау керек екенін түсіндіріңіз»,- дейді Сабира Сапарғали.

Айта кетсек, ауыз қуысы гигиенасын сақтаудың денсаулық үшін маңызы зор. Тіс гигиенасын сақтамаған жағдайда ауыз қуысында түрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Тіс тасы- тістің бетін қаптап қалатын тамақ қалдықтарынан пайда болатын бактериялар мен сілекей қоспаларының жиынтығы. Сондықтан тісті уақытылы жуып, тазалау керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ұлттық экономика министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді
Бұған дейін ол әлемге танымал Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты жұлдыздармен бірлесіп жұмыс істеген
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →