×

Гайморит кезінде өз бетінше емделмеген дұрыс – түркістандық дәрігер

Гайморит – үстіңгі жақта орналасқан мұрынның қосалқы қуысының қабынуымен сипатталатын ауру

Гайморит кезінде өз бетінше емделмеген дұрыс – түркістандық дәрігер
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан қалалық ауруханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері Қаламқас Әнеш гаймориттің менингитке әкелетін қаупі бар болғандықтан, өз бетінше емделмей, дәрігердің кеңесіне жүгінген абзал екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Гайморит – үстіңгі жақта орналасқан мұрынның қосалқы қуысының қабынуымен сипатталатын ауру.

Түркістан қалалық ауруханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері Қаламқас Әнештің сөзінше гаймориттің менингитке әкелетін қаупі бар болғандықтан, өз бетінше емделмей, дәрігердің кеңесіне жүгінген абзал. Гайморитті дер кезінде емдемесе, кеңсірікке түскен ірің миға шауып, менингит ауруына ұласуы мүмкін екен. Сонымен қатар, гайморит тұқым қуалайтын ауру. Мұрын қуыстарының анатомиялық орналасуы ген арқылы беріледі. Демек, ата-ананың бірі бұл сырқатпен ауырса, балаға да берілуі мүмкін.

«Гайморит ауруының негізгі қоздырғыштары –вирустар мен бактериялар. Індет мұрын қуысы және қан арқылы гаймор қуысына түсіп, ол қуысты зақымдайды. Гайморитпен ауыратын адамдар салқын тигізбей, тұмау ауруының кез келген белгісі байқалса тезірек емделуі қажет. Тіс тамырларының қабынуы көп жағдайда гайморитке әкеп соғады. Сол себепті тіске үлкен мән берген жөн. Сонымен қатар, бактериялар мен вирустар да гаймориттің дамуына жол ашады. Олар алдымен мұрын арқылы ішке еніп, қанға араласады, содан соң мұрын сырты ісініп, қызарады. Одан кейін ағза әлсiреп, иммундық жүйе вирустармен күресе алмайды. Иммунитеттiң төмендеуiнен көптеген созылмалы аурулар пайда болады. Гаймориттi дер кезiнде емдемесе, кеңсiрiкке түскен iрiң миға шауып, менингит ауруына ұласуы мүмкiн», – дейді маман.

Айта кетейік, гайморит дертімен адамдар көбінесе суық мезгілде ауырады. Яғни, қыс және көктем-күзде гайморитпен сырқаттанудың қаупі жоғары. Әсіресе, жеңіл киініп, денсаулығына немқұрайлы қарайтындар ауруға тез шалдығады. Сондықтан, ауру белгілері байқалса, бірден отоларинголог маманға көріну керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →