×

Инфарктпен ауырған науқастардың дені семіздікке шалдыққандар – саурандық дәрігер

Мамандардың кеңесі бойынша, адамның жүрегі сыздаса, бірден дәрігерге көрінуі тиіс

Инфарктпен ауырған науқастардың дені семіздікке шалдыққандар – саурандық дәрігер
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысына қарасты Сауран аудандық орталық ауруханасының Назира Аманбаева инфарктпен ауырған науқастардың дені семіздікке шалдыққандар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүрекке күш беріп тұрған қан тамырлардың ішіне қан ұйып, тамырлардың бітелуі инфаркт ауруына әкеліп соғады. Мамандардың айтуынша, инфаркт көбіне халқының еңбекақысы төмен елдерде көбірек ұшырасады.  Жер бетінде бір күнде инфарктан миллиондаған адам көз жұматын көрінеді.

«Инфаркқа апарар бірінші себеп, адамның әлеуметтік жағдайының төмендігі, екіншіден, науқастың өз денсаулығына немқұрайлы қарауы. Үшінші фактор, тұқымқуалаушылық. Тарқатып айтатын болсам, әлеуметтік жағдай қазіргі отбасыларда қиын. Әсіресе жас отбасылардың пәтер мәселесіне бас қатыруы денсаулықтарына тікелей әсер етеді, екіншіден, бұрын ата-бабамыз қымыз, қымыран, айран, шұбат секілді табиғи, таза азық-түліктер тұтынса, ал қазіргі жастар жеңіл-желпі тағамдарға әуес. Ішкілікке салыну да инфаркқа апарып соқтырар бірден-бір жағдай болып саналады. Өйткені спирттік заттар ішкі ағзаны әлсіретеді, анализдерді бұзады. Холестерин екіге бөлінеді, бірі төмен тығыздықты, бірі жоғары тығыздықты. Төмен тығыздықты холестерин ағзада көбейіп кетсе – инфаркқа алып келетін бірден-бір себепке ұласады. Бұл дұрыс тамақтанбау салдарынан бойда көбейеді», – деді Назира Аманбаева.

Мамандардың кеңесі бойынша, адамның жүрегі сыздаса, бірден дәрігерге көрінуі тиіс. Инфарктан қорғанудың тағы бір жолы – таза ауада серуендеу. Инфаркт ауруының жиілеп кетуінің негізгі себептері – стресс пен қимылдың аздығы. Стреске апарар жолдардың дені интернет, әлеуметтік желілерден құйылған толассыз ақпаратты сүзгісіз қабылдаудан туындаса керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →