×

Ақтауда жедел жәрдемге пранк жасаған тұрғын айыппұл төлейтін болды

Оған 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды

Ақтауда жедел жәрдемге пранк жасаған тұрғын айыппұл төлейтін болды
Иллюстративное фото ©Турар Казангапов

Ақтау тұрғыны әзіл үшін жедел жәрдем бригадасын шақырған. Енді оған 80 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Бұл жайында Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі  айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Оқиға 14 қазанда болды. "103" жедел желісіне тұрғынның көп мөлшерде дәрі-дәрмектерді қабылдағаны туралы Ақтау қаласының тұрғынынан шақыру келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы шақыруға шыққанда, тұрғын "пранк" ұйымдастырғанын айтты”, –  деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты шақыру ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 438-бабына сәйкес жалған болып тіркелді. Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыртқаны үшін Ақтау қаласының тұрғынына 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →