×

ҚТЖ-да тағы шу: есепте бар, жұмыста жоқ қызметкерлерге қатысты тергеу басталды

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізген

ҚТЖ-да тағы шу: есепте бар, жұмыста жоқ қызметкерлерге қатысты тергеу басталды
rail-news.kz

"Қазақстан темір жолы" ҰК "АҚ” ҚТЖ) филиалында кадрлық есепте тұрғанымен, жұмыста жоқ "өлі жандарға” қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қазіргі уақытта іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда. ҚТЖ тергеуге толық көмек көрсетеді", - делінген хабарламада. 

ҚТЖ тексеру комиссиясы ішкі тексерулер барысында "ҚТЖ "ҰК" АҚ – "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалында қызметкерлердің ресми еңбек қызметінде болмаған фактілерін анықтады. Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілген. 

Деректерге қарағанда, Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Тергеу барысында 21 млн теңге шығын келтірілгені анықталған.

Филиал басшысының тапсырмасы бойынша өтірің жұмыспен қамтылған адамдардың жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны атап көрсетіледі. ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды
Бүгін, 13:30

Алматыда Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойылды

Бауыржан Момышұлына «Халық Қаһарманы» атағын беруі бүкіл ел үшін үлкен қуаныш болды
Психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіруге айрықша көңіл бөлінді
Ұлдарға қойылған танымал есімдер тізімі өзгеріссіз қалды  
Сарапшы көбінесе тұрғындардың алаңдаушылығын тудыратын секторлық антенналардың жұмыс істеу принципіне жеке тоқталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →