×

Павлодарда тәрбиеші мүгедек балаларды аямай ұрып-соққан

ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Павлодарда тәрбиеші мүгедек балаларды аямай ұрып-соққан
Фото: pexels

Павлодардағы әлеуметтік мекемеде мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тұратын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеру жүргізді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ-нің бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиеші тарапынан кәмелетке толмағандарды ұрып-соғудың бірнеше фактілері анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Кәмелетке толмағандарды қинау белгілері бойынша орталықтың қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, полиция департаментіне тапсырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Еңбек адамының бейнесі жоғары біліммен ғана өлшене ме
Бүгін, 12:47

Еңбек адамының бейнесі жоғары біліммен ғана өлшене ме

Ел экономикасының түрлі салаларында 9,3 миллион адам еңбек етуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →