×

«Қайрат» футболдан төрт дүркін Қазақстан чемпионы атанды

Соңғы рет команда 2020 жылы топ жарған

«Қайрат» футболдан төрт дүркін Қазақстан чемпионы атанды
"Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының соңғы турында чемпион анықталды. Негізгі талас Астана мен Алматы клубтарының арасында болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Соңғы турда алматылықтардың чемпион атануы тек өздеріне байланысты болса, «Астана» «Тобылдан» жеңіліп, жағдайын күрделендіріп алды.
Бірінші таймнан соң «Астана» көш басында тұрғанымен, «Қайрат» «Атырауды» жеңіп, осымен төртінші рет Қазақстан чемпионы атанды - 1992, 2004, 2020, 2024. 

«Астана» Алматыда Талдықорғанның «Жетісу» клубымен кездесіп, тас-талқан етіп ұтты - 5:0. Осылайша, 46 ұпаймен екінші орынға ие болды.
«АТЫРАУ» - «ҚАЙРАТ»
Георгий Зария - пенальти (0:1)
«АСТАНА» - «ЖЕТІСУ»
7' Джеффри Чинеду (1:0)
18' Назми Грипши - пенальти (2:0)
25' Марин Томасов (3:0)
31' Джеффри Чинеду (4:0)
40' Карло Бартолец (5:0)
Ал ҚПЛ-ның күміс жүлдегері атағы «Ақтөбеге» бұйырды, бұған дейін олар Қазақстан кубогында жеңіске жеткен. Одан бөлек «Ордабасы» төртінші орын иеленіп, еурокубокқа жолдама алды.
2025 жылғы жазда «Қайрат» Чемпиондар лигасында ойнаса, «Астана», «Ақтөбе» мен «Ордабасы Конференция лигасында бақ сынайды.
Ал «Шахтер» өз тарихында тұңғыш рет ҚПЛ-дан шығып қалды. Есесіне 
«Оқжетпес» пен «Ұлытау» жоғары лигада өнер көрсетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада 17 млрд теңгеге жаңа стадион салынатын болды
12.03.2025ж. 09:20

Астанада 17 млрд теңгеге жаңа стадион салынатын болды

UEFA халықаралық стандарттарына сай  жаңа стадионның сиымдылығы 3598 орынға есептелген
Онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр
Бұл - Абиба Әбужақынованың жаңа маусымдағы алғашқы жарысы және алғашқы алтыны. 
Ол 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп айыпталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →