×

Футболдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2025 іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Іріктеу кезеңіндегі алғашқы 3 ұпай қоржында

Футболдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2025 іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
Сурет: Қазақстан футбол федерациясы

Еліміздің жастар құрамасы Еуропа чемпионатының 19 жасқа дейінгі ЕУРО-2025 іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

13 қараша күні Қазақстанның U-19 жастар құрамасы УРО-2025 турнирінің іріктеу кезеңінде Украина ұлттық құрамасымен кездесті. Александр Кузнецовтың шәкірттері бұл бәсекеде басым түсіп, Қазақстанға алғашқы 3 ұпайды алып келді.

“Тамерлан Агиманов Украина U-19 қатарынан екі гол соғып, дубль авторы атанды. Украина құрамасы өз алаңында 1:2 есебімен жеңілді”, – делінген Қазақстан футбол федерациясы хабарламасында.

Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыласымыз – Нидерланд, Украина және Словения құрамалары. 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі 13-19 қараша күндері Нидерландта өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты
17.08.2025ж. 22:47

Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты

Тағыберген бірден команда ауыстырып, «Тобыл» жейдесін киген.
Тоғызқұмалақ шеберлерінің қарсыласы күрделі алгоритмдермен жұмыс істейтін интеллектуалды компьютерлік бағдарлама

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →