Халықаралық турнир Эстонияның Таллин қаласында өтті
Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Қазақстан қоржынына мәнерлеп сырғанаудан күміс медалмен толыққанын қуана хабарлаймыз. Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде мәнерлеп сырғанау бойынша қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Алайда, еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды. Жалпы Самоделкина бұл турнирде 173,25 ұпай жинады”, – деп мәлімдеді Ұлттық олимпиада комитеті.
Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал, қола медалді канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.