×

Алғашқы бапкерімді әлі ұта алмай келемін - Елдос Сметов ұстазымен татамиде белдесті

Татами шебері жаттығу барысында бапкерімен түрлі әдістерді жасап, жас спортшыларға шеберлік сағатын көрсетті

Алғашқы бапкерімді әлі ұта алмай келемін - Елдос Сметов ұстазымен татамиде белдесті
Сурет: Бейнеден кадр

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жаттығу залына қайта оралды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

  Белгілі дзюдошы кезекті жаттығуында өзінің алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлмен спаррингтік белдесу өткізді.

60 келіде белдесетін белгілі Татами шебері жаттығу барысында бапкерімен түрлі әдістерді жасап, жас спортшыларға шеберлік сағатын көрсетті. Алайда белгілі маман өз шәкіртін татамиде бірнеше рет алып соқты. Аталған бейнежазбаны Сметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Алғашқы бапкеріммен 5 жасымда күресіп, ұта алмай жылап қалушы едім. Әлі күнге ұта алмай келемін», - деп жазды Елдос Сметов.

Естеріңізде болса, Сметов Париж Олимпиадасынан кейін Т.Рысқұлов ауданына барғанында жерлестері сыйлаған көлікті алғашқы бапкеріне тарту еткен болатын.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Азияда жаңа бокс конфедерациясы құрылды
Кеше, 11:45

Азияда жаңа бокс конфедерациясы құрылды

Жаңа Азия конфедерациясының құрылуы құрлық боксының дамуына жол ашпақ
Бүгін еркін сайыста отандасымыз 182.96 ұпай алды
Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →