×

Әмір Омарханов теннистен Мексикада өткен жарыста жеңімпаз атанды

Ол  ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сайыста жеңіске жеткен

Әмір Омарханов теннистен Мексикада өткен жарыста жеңімпаз атанды
Сурет: Olimpic.kz

Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасында бірінші санаттағы ITF J500 турнирі аяқталды. Жарыста қазақстандық теннисші жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады. Әмір Омарханов Ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сайыста жеңіске жетті.

“Финалда Әмір мен Тимофей турнирдің бірінші нөмірлі спортшылары – чехиялық Петр Брунлик пен британдық Чарли Робертсонды 6:4, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты”, – делінген Ұлттық олимпиада комитеті хабарламасында..

Жекелей сында Омарханов жартылай финалда француз Томас Фурельге 2:6, 3:6 есебімен жол берген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Таиландтағы Азия чемпионатында Сәкен қайғылы жағдайды естіген
Ересектер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан енді ешкім қалмады
Өткен жыл тоғызқұмалақ ұлттық зияткерлік ойынының ерекше даму жылы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →