Енді жерлесіміз UFC-дің жартылай орта салмақтағы белбеуіне таласады
АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінің басты кардында жекпе-жек өткізген қазақстандық Шавкат Рахмонов жеңіске жетті. Кездесуден кейін отандасымыз қарсыласы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Барша қолдаушыларға алғыс айтамын. Қазақстан, алға! Иан Гэрри мықты қарсылас болды, жекпе-жек өте тартысты өтті. Бұл мен үшін де оңай болмады. Жақсы дайындықпен келсем де, қарсыласым өз деңгейін көрсетті. Осы жылы өте көп ауыр жағдайлар болды, — деді Шавкат жекпе-жектен кейін.
Айта кетейік, Шавкат бұл жолы ирландиялық Иэн Гэрриді жеңді. Жекпе-жек 5 раундқа созылды, Рахмонов төрешілер шешімімен жеңімпаз деп танылды.
Енді жерлесіміз UFC-дің жартылай орта салмақтағы белбеуіне таласады.
Қазіргі кезде белбеу Белал Мухаммадқа тиесілі. Рейтингте Рахмонов үшінші, Гэрри жетінші орында орналасқан.
Қазақстандық саңлақ Шавкат Рахмоновтың ирландиялық Иэн Гэрримен кездесуі үшін кепілді сыйақысының көлемі 350 мың доллар. Жеңіске жеткені үшін 100 мың доллар қосылады. Гэрридің сыйақысы 150 мың доллар.