Жанкүйерлер мені қолдамаса да, сіздер жылайтын боласыздар деп айтты Белал
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (19-0) UFC 310 турнирінде ирландиялық Иан Мачадо Гэрриді жеңген соң, UFC-ден орта салмақта әлем чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) октагонда көз түйістірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Кездесу аяқталғаннан кейін октагонға UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад көтеріліп, Шавкат Рахмоновпен көз түйістірді.
Мен бұл жекпе-жекке қатты толқып тұрмын. Жанкүйерлер мені қолдамаса да, сіздер жылайтын боласыздар, - деді Белал Мухаммад.
Айта кетейік, бүгін UFC кешінде дәл осы Белал Мухаммад қазақ файтерімен төбелесуі тиіс болған. Алайда, жарақат алғанын айтқан ол жекпе-жекті кейінге шегерген еді.
Жарақат алып қалмай дұрыстап дайындалсын, кімнің мықты екенін көрейік, - деді Шавкат Рахмонов Иэн Гэрриді жеңгеннен кейін.
Еске салсақ, бүгін Шавкат Рахмонов АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында орналасқан T-Mobile Arena стадионында ирландиялық Иан Мачадо Гэрриді жеңді. Бұл жеңіс Рахмоновтың UFC ұйымындағы жетінші, ал жалпы мансабындағы 19-жеңісі. Сонымен қатар бұл Иан Гэрридің кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі.