×

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шықты

Санжар Тәшкенбай  Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында  өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Жапония өкілі Казума Аратакемен кездесті. Бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

Қос спортшы 2022 жылы Азия чемпионатының финалында да өзара мықтыны анықтап үлгерген еді.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай ерлер арасында қазақ боксшыларынан алғашқы болып финалға жолдама алды. Енді ол  өзбек Шодиержон Меликузиевпен кездеседі.  Бұған дейін екеуі рет жолығып, екеуінде де Санжар басым түскен. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әбиба Әбужақынова қалыңдық атанды
Бүгін, 15:28

Әбиба Әбужақынова қалыңдық атанды

Дзюдошы неке сақинасы мен қызыл раушанның гүлшоғын көрсетті
Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.
Облысқа қарасты 7 ауданда да ұлттық спорт түрлерінен 161 бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды
Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →