×

Қазақша таза сөйлейтін Виктория Графеева Азия чемпионы атанды

Виктория Графеева Азия чемпионатындағы алдыңғы екі жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған еді

Қазақша таза сөйлейтін Виктория Графеева Азия чемпионы атанды
Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Виктория Графеева Таиландтағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Виктория Графеева 60 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Қытай өкілі Ли Цяньмен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Бұл 2024 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы алтын медаль. Осыған дейін әйелдер арасында Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг), ал ерлер арасында Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола жүлде иеленген еді.

Айта кетейік, Виктория Графеева Азия чемпионатындағы алдыңғы екі жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Ол ширек финалда тайбэйлік Чен Сюань Ені техникалық нокаутпен ұтты, ал жартылай финалда таиландтық Порнтип Буапудан басым түсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды
Кеше, 09:26

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

Аламанға 92 елдің спортшылары қатысады. 
IJF өз жауабында спортты «диалог пен түсіністікке арналған платформа, қабырға емес, көпір салатын» құрал ретінде көргісі келетінін мәлімдеді.
Бұл көлік жас спортшылардың жарыстарға қауіпсіз әрі жайлы баруына мүмкіндік береді
Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →