Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының қыздар арасындағы сынында финалға шыққан бес қазақстандық спортшы да чемпион атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Атап айтсақ, алдымен 60 келідегі Виктория Графеева финалда Қытай спортшысы Гияндж Лимен жолығып, 5:0 есебімен сенімді түрде басым түсті.
Одан кейін 63 келідегі Аида Әбікеева финалда Париж Олимпиадасының қатысушысы, Въетнам өкілі Зи Линх Хамды жеңді.
Үшінші алтын Наталья Богдановаға (70 келі) бұйырды. Отандасымыз финалда шаршы алаң қожайыны Байсон Маниконның осал тұсын тапты.
Сондай-ақ Гүлсая Ержан (81 кел) Украина намысын қорғаған Карина Айрапетянды жеңсе, Елдана Тәліпова (+81 ) өзбекстандық Олтиной Сотимбоеваға мүмкіндік қалдырған жоқ.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бес алтын, 6 қола медаль жеңіп алды. Финалға шыққан спортшылардың барлығы жеңіске жетті.