Қайрат Сәтжанов шәкірттері 4 алтынмен шектелді
Бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан ерлер құрамасы жалпы командалық есепте Өзбекстанды алға жіберіп, екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жерлестеріміз 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Ал 8 алтын, 2 күміс, 1 қола медальді қанжығасына байлаған Өзбекстан ерлер құрамасы жалпы есепте көш бастады. Үздік үштікті 1 алтын, бір күміс, 3 қола Тәжікстан түйіндеді.
Қазақстан сапынан Махмұд Сабырхан (54 келі), Бекзат Нұрдәулетов (86 келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі), Айбек Оралбай (+92 келі) жеңімпаз атанды. Санжар Тәшкенбай (48 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі) күміс медаль иеленсе Ерасыл Жақпеков (80 келі) қола медальді қанағат тұтты.
Бұған дейін кеше Қазақстанның әйелдер құрамасының боксшылары 5 алтын, 5 қола жүлде жеңіп алған еді.
Медальдар жиынтығы кестесі:
1.Өзбекстан (8-2-1)
2. Қазақстан (4-5-1)
3. Тәжікстан (1-1-3)
4. Қытай (0-2-1)
5. Филиппин (0-1-3)
6. Таиланд (0-1-2)
7. Жапония (0-1-1)
8. Украина (0-0-5)
9. Моңғолия (0-0-3)
10. Қыргызстан (0-0-2)
10. Қытайлық Тайбэй (0-0-2)
11. Камбоджа (0-0-1)
11. Шри-Ланка (0-0-1).