×

"Екі қабат қолғап киіп аламын": “Челси” ойыншысы “Астанаға” қарсы өтетін матчқа пікір білдірді

Футболшы матчқа қатысатын жас ойыншыларға қандай кеңес беретінін айтты

"Екі қабат қолғап киіп аламын": “Челси” ойыншысы “Астанаға” қарсы өтетін матчқа пікір білдірді
Фото: Clive Brunskill/Getty Images

"Челси" футбол клубының қорғаушысы Аксель Дисаси УЕФА Конференция лигасы аясында "Астана" командасына қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ойын Алматы қаласының Орталық стадионында бүгін, бүгін сағат 20:30-да басталады. Бүгін Алматыда ауа температурасы шамамен 10-11 градус суық болады деп күтілуде. 

Осыған орай "Челси" футбол клубының қорғаушысы Аксель Дисаси аталмыш матчқа қалай дайындалғандарын айтып берді. 

"Біз ойын өтетін жағдайды жақсы білеміз. Сегіз сағаттық ұшу барысында бірнеше фильм көрмекпін, ал келген соң екі қабат қолғап киіп алып ойнаймын. Бұл – еурокубоктық ойын, сондықтан біз кестедегі 1-орынды сақтап қалу үшін күресуіміз керек", - деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар футболшы матчқа қатысатын жас ойыншыларға қандай кеңес беретінін айтты. 

"Ұзақ ұшу мен суық ауа райына байланысты бұл ойын бүгін дебют жасайтын футболшылар үшін қолайлы болмауы мүмкін. Бірақ олар мұндай ойынға төтеп бере алатын қабілетке ие. Егер олар осы жерде болса, демек, қажетті шеберліктері бар деген сөз. Сондықтан бұл матч олардың тәжірибесін арттыру үшін тамаша мүмкіндік болады", - деді Дисаси.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде
Бүгін, 16:58

Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде

Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.
Облысқа қарасты 7 ауданда да ұлттық спорт түрлерінен 161 бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды
Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →