Алматы Орталық стадионының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен қуылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясының мәліметінше, Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбаған. Соның кесірінен «Астана» мен «Челси» ойынына келген жанкүйерлерге қолайсыздықтар туындаған.
Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді. Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, - деп хабарлады Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясынан.
Еске салайық, бүгін Орталық стадионда «Астана» мен «Челси» арасындағы матчта қардың тазаланбауы жанкүйерлердің наразылығын тудырды.