×

Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында екінші алтын алды

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 400 келіні (170+230) еңсерді.

Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында екінші алтын алды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов Манамадағы (Бахрейн) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Артем Антропов 102 килограмм салмақ дәрежесінде топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 400 келіні (170+230) еңсерді. Екінші орынға Катар спортшысы Ибрахим Фарес Эльбах (399 келі) жайғасса, үздік үштікті испаниялық Маркос Руис Веласко (395 кг) түйіндеді.

Осылайша Артем Антропов ел қоржынына әлем чемпионатының екінші алтынын салды. Бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы 96 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанған еді. Сондай-ақ Алексей Чуркин (81 келі) күміс медаль еншіледі.

Еске салайық, 11 желтоқсанда Қазақстан ауыр атлетика федерациясының басшысы ауысты. Жанат Түсіпбеков өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдегеннен кейін федерация президенті болып Гаджи Гаджиев сайланған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2026 жылы Қысқы олимпиада ойындары қайда, қашан өтетіні белгілі болды
Бүгін, 11:38

2026 жылы Қысқы олимпиада ойындары қайда, қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстан өз тарихында 7 рет Қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан
Олар Манчестер қаласындағы жаттығу жиынына қатысуға мүмкіндік алған
Бұған дейін олар 2025 жылғы Азия ойындарында  топ жарған болатын
Қазақстан қоржынына 4-алтынды Ерлер хоккей құрамасы салды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →