×

"Курьер болып жұмыс істедім": ел чемпионы атанған боксшы құрамадан шығып қалған кезеңі туралы айтты

Ол журналистерге сұқбат берді

"Курьер болып жұмыс істедім": ел чемпионы атанған боксшы құрамадан шығып қалған кезеңі туралы айтты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Ертуған Зейнуллин финалдағы жеңісінен кейін сұқбат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

"Осы жеңіс үшін қаншама тер төктік. Аллаға шүкір, жемісін жедік. Қазақстан чемпионы әділ өтті, барлық жекпе-жегім таза болды. 

Бір кездері кешке дейін жұмыс істеп, кешке жаттығу жасадым. Бір жыл бойы ұлттық құрамадан шығып қалдым. Айлық жоқ. Барлық жерден айлықты алып тастады. Амалсыздан курьер болып жұмыс істедім. Жаттығуымды қойып кетпес үшін маған осындай жұмыс ыңғайлы болды. Өзім қашан шығамын, қашан істеймін, өз еркімде болды. Осындай жағдайлардан кейін ұлттық құрамаға қайта оралып, Азия ойындарына бардым. Ол жақта моңғол спортшысы допингпен ұсталып, қола жүлде бұйырды", - деді Ертуған Зейнуллин.

Айта кетейік, 63,5 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Ертуған Зейнуллин (Алматы облысы) мен Жандос Қыдыралиев (Алматы) кездесу өткізді. Нәтижесінде Ертуған Зейнуллин төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды
Бүгін, 00:31

Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды

Төрехан Сабырхан Қазақстан чемпионатына алғаш рет қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →