×

Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды

Төрехан Сабырхан Қазақстан чемпионатына алғаш рет қатысты

Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды
ҚР Бокс федерациясы

Қарағанды қаласында ересектер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Ел біріншілігінің ең үздік екі боксшысы анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ерлерден  ең үздік боксшы номинациясын 19 жастағы Төрехан Сабырхан (67 келі), әйелдерден Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі) жеңіп алды

Төрехан Сабырхан 67 келіге дейінгі салмақта ересектер арасындағы алғашқы жарысына қатысып, чемпион болды. 

Назым Қызайбай Париждегі Олимпиада ойындарынан кейін шаршы алаңға қайта оралды. Ол бұл жолы ұзақ үзілістен кейін 48 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Кезінде Назым осы салмақта екі дүркін әлем чемпионы атанған. Сосын Олимпиадаға қатысу үшін 51 келіге ауысқан. 

 Финалда екеуінің де қарсыласы денсаулығына байланысты жекпе-жекке шыққан жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →