×

Тарихи жеңіс: Қазақстандық жас спортшы әлем чемпионы атанды

Отандасымыздың финалдағы жеңісіне 104.52 ұпай жеткілікті болған

Тарихи жеңіс: Қазақстандық жас спортшы әлем чемпионы атанды
Сурет: Бейнеден кадр

Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-акробатикадан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Спорт министрлігі мәлімдеп отыр.

“Қазақстандық жас спортшы Дінмұхаммед Райымқұл Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.Фристайл-акробатикадан өнер көрсеткен отандасымыз финалда 104.52 ұпай жинап, жеңіске жетті”, – делінген министрлік хабарламасында.

Екінші орынды Қытайлық Юйхэн Ян (101.79), ал қола медальді тағы бір қытайлық спортшы Чжичен Ян (94.82) иеленген.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аталмыш спорт түрінен алғаш рет алтын медальға ие болып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Еуропаның төрт алыбы: Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалистері анықталды
17.04.2025ж. 09:41

Еуропаның төрт алыбы: Футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалистері анықталды

Жартылай финалдық кездесулер 29–30 сәуір күндеріне жоспарланған
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда мәнерлеп сырғанаудан даярлау үшін тиісті жағдайдың жоқтығы туралы айтқан болатын
Михаил Шайдоров – жеке сырғанауда өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаушы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →