×

Моңғол дзюдошысы Қазақстан азаматтығынан бас тартты: министр не деді

Осыған дейін спортшының Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Моңғолия азаматтығына өтініш бергені туралы ақпарат тараған

Моңғол дзюдошысы Қазақстан азаматтығынан бас тартты: министр не деді
Фото: olympic.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэгтің мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ербол Мырзабосынов дзюдошы спортшы ретінде және бапкер ретінде біздің спортшыларға серпін бергенін айтады.

«Әлем аренасында табысты өнер көрсетіп жүр. Біз федерациямен сөйлестік. Спортшының отбасы, түп-тамыры Моңғолияда. Спортшы енді өз құрамасымен жұмысын жалғастырады. Мұндай тәжірибелер бар. Басқа елден тартылатын спортшылар жөнінде бұрын да мәселелер көтерілген. Алдағы уақытта біз отандық спорт мектебінің спортшыларымен жұмыс істейміз. Енді өз кадрларымызды дайындаймыз», – дейді Ербол Мырзабосынов.

Министр Галбадрах Отгонцэцэгтің келісімшарт бойынша жұмысын толық атқарғанын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Спорт түрлері бойынша өңірлер арасындағы бәсекелестік төмен
Отандасымыздың финалдағы жеңісіне 104.52 ұпай жеткілікті болған
Мемлекеттік туды алып шығу мәртебесі фристайл шебері мен хоккейшіге сеніп тапсырылып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →