×

"Арманым қазақ баласын чемпион ету". Есбол Сұлтанов бас бапкер болып тағайындалды

Бүгін ол ресми түрде жұмысына кірісті

"Арманым қазақ баласын чемпион ету". Есбол Сұлтанов бас бапкер болып тағайындалды

Париж Олимпиадасында таеквондодан Тунис құрамасын дайындап, 1 алтын, 1 қола медаль алып берген қазақ бапкері Есбол Сұлтанов енді Қазақстан құрамасын жаттықтырады, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Бүгін ол ресми түрде жұмысына кірісті.

Есбол Сұлтанов Тунис құрамасымен 2023 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен Фирас Катусси Олимпиада чемпионы атанса, Мохамед Халиль Джендуби қола жүлде иеленді. Бұған дейін Сұлтанов Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы таеквондодан бірде-бір медаль ала алмады. Олимпиада аяқталғаннан кейін, қыркүйек айында Қазақстан таеквондо федерациясының жаңа президенті сайланған болатын.

Жақында ол жылдың үздік бапкері атанды.

Бапкер ендігі арманым “Қазақ баласын Олимпиада чемпионы ету” дейді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады
Бүгін, 11:24

ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

Спорт академиясы мен Халықаралық Тоғызқұмалақ федерациясы меморандумға қол қойды
IJF өз жауабында спортты «диалог пен түсіністікке арналған платформа, қабырға емес, көпір салатын» құрал ретінде көргісі келетінін мәлімдеді.
Бұл көлік жас спортшылардың жарыстарға қауіпсіз әрі жайлы баруына мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →