×

Қазақстан "Қысқы Универсиадада"медальдар кестесінде үздік үштік қатарында

Қазақстан құрамасы қоржынында қазір: екі алтын, үш күміс, бір қола бар

Қазақстан "Қысқы Универсиадада"медальдар кестесінде үздік үштік қатарында
Сурет: olympic.kz

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарында Қазақстан медальдар кестесінде үздік үштікке еніп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс, бір қоламен екінші орынға көтерілді. Медальдар саны бойынша Франция құрамасы алда келеді. Франциялықтар төрт алтын, бір күміс, бір қола алып тұғырды әзірге ешкімге ұстатар емес.

Финляндия құрамасы екі алтын, екі күміспен үшінші орында тұр.

Қазақстан қоржынына қос алтынды 19 жастағы фристайлшы Анастасия Городко салды. Ол фристайл-могулдан және фристайл жұптық-могулда жеңімпаз атанды.

Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов (парашаңғы, 10 км) күміс, Роман Құрбанов (парашаңғы, 10 км) қола медальға қол жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы футбол клубтары 2-3 жылда жекеменшікке өтеді – ҚФФ
Бүгін, 11:38

Қазақстандағы футбол клубтары 2-3 жылда жекеменшікке өтеді – ҚФФ

Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді
Жетісуда спортқа қызығушылық 42 пайызға артты
Жетісу ұлттық ойындарды жаңғыртып, жаңа буынға жол ашты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →