×

Australian Open: Елена Рыбакина ширек финалға жете алмады

Ересектер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан енді ешкім қалмады

Australian Open: Елена Рыбакина ширек финалға жете алмады
Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандасымыз бүгін Америкалық теннисші Мэдисон Кизбен (№14) кездескен. Үш сетке созылған ойында Киз басымдық танытты.

Алғашқы сетті сылбыр бастаған қазақстандық теннишсі екінші сетте қарсыласын ойсырата жеңген. Үшінші кезеңде Рыбакина жинақтала алмады. Америкалық өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп –  3:6, 6:1, 3:6.

Енді Мэдисон Киз жартылай финалға шығу үшін әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен таласады.

Осылайша, ересектер арасында Аустралия чемпионатында Қазақстаннан ешкім қалмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Милад Карими әлем кубогы кезеңінде топ жарды
Кеше, 23:14

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде топ жарды

Ол финалда белтемірде ешкімге дес бермей, сенімді жеңіске жетті
Турнирдің финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді
Бұл жетістік рекордтар кітабына енген
Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →