×

"Салмағы178 кг". Қазақстандық сумошы Жапониядағы турнирде үшінші орын алды

"Салмағы178 кг". Қазақстандық сумошы Жапониядағы турнирде үшінші орын алды
Әлеуметтік желі

Кимбодзан Харуки лақап атымен танымал Ерсін Балтағұл Жапония императорының кубогында үшінші орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шешуші айқастарда Балтағұл моңғолиялық сумошы Сугаррагчаагийн Бямбасурэнмен (Хосёрю Томокацу) және Охо Коносукэмен кездесіп, екеуінде де жеңіліс тапты. Бямбасурэнмен өткен жекпе-жекте Балтағұл жанкүйер отырған жаққа қарай құлап кетті. 

Қазақстандық балуанның салмағы - 178 килограмм.

Айта кетейік, Кимбодзан Хируки – үздіктер қатарына іліккен қазақстандық жалғыз балуан. Ол Алматы облысында туып, ұзақ уақыт бойы дзюдомен шұғылданған. Жапонияға моңғолиялық танымал спортшы Асасерю Акиноридің (Таңғы Көк Айдаһар) кеңесімен аттанған. Ерсін өзінің лақап атын ұстазы Кисэнің туған жері Кумамото префектурасындағы таудың құрметіне алған. 
Сумода шетелдіктер саны шектеулі. Қазақстандық балуан отставкаға кеткен грузиялық Теймураз Джугелидің орнын басты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді». Бибісара Асаубаеваның анасы қызын жақтап шықты
Бүгін, 13:52

«Орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді». Бибісара Асаубаеваның анасы қызын жақтап шықты

Әлеуметтік желіде Бибісараның қазақ тілін білмеуіне қатысты хейт көп.
Спорт академиясы мен Халықаралық Тоғызқұмалақ федерациясы меморандумға қол қойды
IJF өз жауабында спортты «диалог пен түсіністікке арналған платформа, қабырға емес, көпір салатын» құрал ретінде көргісі келетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →