×

Азияда-2025: Қысқы Азия ойындары биыл қайда, қашан өтеді

Азиаданың бойтұмары – жолбарыстар Бинбин мен Нини

Азияда-2025: Қысқы Азия ойындары биыл қайда, қашан өтеді
Сурет: ҚР ҰОК

Қазақстан спортшылары қысқы Азия ойындарына алтыншы мәрте қатыспақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеп отыр.

2025-жылғы Азияда ойындарының жалауы Қытайдың Харбин қаласында жағылмақ. Бір қызығы – Отандастарымыз ең алғаш 1996 жылы Харбиндегі додада өнер көрсеткен.

“Қазақстан құрамасынан Харбиндегі қысқы Азиадаға 138 спортшы (72 ер және 66 әйел) қатысады. Жерлестеріміз 6 спорт түрінен 10 дисциплинада өнер көрсетіп, 51 медаль жиынтығын сарапқа салады. Ойындарға Азияның 32 елінен 1000-нан астам спортшы қатысып, 64 медаль жиынтығы үшін сынға түседі. Азия ойындарының салтанатты ашылуы (7 ақпан) және жабылу рәсімі (14 ақпан) Харбиндегі Harbin International Convention and Exhibition Centre Stadium спорт нысанында өтеді”, – делінген ҰОК хабарламасында.

Азияда-2025 туралы кей деректер:

  • Ски-альпинизм спорты алғаш рет Азия ойындарының бағдарламасына енгізіліп отыр.
  • Ту ұстаушылар – Әділ Бекетаев (шайбалы хоккей) пен Ольга Тихонова (шорт-трек).
  • Ең жас спортшы – Асан Асылхан (фристайл-акробатика, 15 жаста).
  • Ең егде спортшы – Денис Власов (ски-альпинизм, 41 жаста).
  • Азиаданың бойтұмары – сібір жолбарыстары Бинбин мен Нини. Ұраны: «Азиядағы қысқы арман мен махаббат».

Азиаданың салтанатты бөлігі мен жарыстар 7 спорт нысанында өтеді. Атап айтқанда:

  1. Харбин хоккей аренасы;
  2. Халықаралық Харбин конгресс-көрме және спорт орталығы;
  3. Харбиндегі Пинфан ауданының хоккей аренасы;
  4. Харбин спорт университетінің мұзайдыны;
  5. Хэйлунцзян көпфункционалды залы;
  6. Хэйлунцзян оқу орталығының мұздағы жарыстарға арналған залы;
  7. Ябули тау-шаңғы курорты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Күздің басты спорттық оқиғасы: Almaty Marathon 16 мың қатысушыны біріктіреді
Бүгін, 20:10

Күздің басты спорттық оқиғасы: Almaty Marathon 16 мың қатысушыны біріктіреді

Шетелдік спортшылар саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен    
Ливерпульде бокстан өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген боксшы Алуа Балқыбаева Ақордаға баратынын естіген кезде қатты қуанғанын айтты
УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бұл ойын 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →