×

Азиада-2025: Қазақ спортшылары шорт-тректен финалға шықты

Азиада-2025: Қазақ спортшылары шорт-тректен финалға шықты
Сурет: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында аралас командалық эстафетада финалға шықты.

Ширек финалда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, Жапония мен Тайбэйден озып кетті.

Осылайша, команда жартылай финалға жолдама алды. Бұл кезеңде ел намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Әжғалиева қорғады. Жарыста қазақстандықтар екінші болып мәре сызығын кесіп, Харбинде өтетін финалға жолдама алды.

Финал 8 ақпанда Астана уақытымен 07:06-да басталады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Финалда отандасымыз қытайлық Хю Меитимен жұдырықтасты.
Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды
Асхат Тағыберген сияқты ойыншылар қазір ойнай алмайды да, кетпейді де, отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →