×

Бүгін Азия ойындарынан тағы 2 медаль ел қоржынына түсті

Медальдің бірін Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан алса, бірін жекелей сында Шаңғы жарысынан алдық

Бүгін Азия ойындарынан тағы 2 медаль ел қоржынына түсті
Сурет: Нұрғали Жұмағазы/ ҚР ҰОК

Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында ел қоржынына екі бірдей жүлде түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді.

  • “Алғашқы күміс жүлдені Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан салды. Біздің спортшылар аралас командалар арасындағы сайыста екінші орынға ие болды. Бұл бағдарламада ел намысын Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан қорғады.Қорытынды есепте қазақстандық спортшылар 235,39 ұпай жинап, осы көрсеткіш оларға күміс медаль алып келді. Бірінші орынды Қытай иеленсе, Жапония үшінші орынға тұрақтады.
  • Ал екінші қола медальды Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының өкілі Олжас Климин алып берді. Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста ел намысын сәтті қорғады. Климиннің мәреге жеткен уақыты – 21:20.3. Жеңісті жапониялық Харуки Ямашита (21:06.5) иеленсе, оның командаласы Такацуга Уда (21:16.5) екінші орынға тұрақтады”, – делінген ҰОК хабарламасында. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Азия ойындарының жалпы командалық есепте 9 медаль жиынтығымен 4-орында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды
Кеше, 22:11

«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды

Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың да жұмысын сынға алды.
«Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы.
Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →