×

Дастан Сәтпаев ресми түрде «Челси» клубына ауысты

Дастан Сәтпаев ресми түрде «Челси» клубына ауысты
Қазақстан футбол федерациясы

Алматының «Қайрат» футбол клубы ресми түрде 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Лондонның «Челси» клубына ауысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін футбол инсайдері Фабрицио Романоның ақпаратын «Қайрат» клубы ресми түрде растады.

Дастан Сәтпаев – «Челсидің» ойыншысы, бірақ тағы бір жыл «Қайратта» ойнайды. 16 жастағы қазақстандық шабуылшы 2026 жылдың жазында Лондондық клубқа ресми түрде қосылады. Алматылық «Қайрат» пен «Челси» 16 жастағы ойыншының трансфері бойынша келісімге келді. Кәмелет жасына толған соң, Сәтпаев Англияға көшіп, «Челси» сапында ойнайды, ал әзірге ол «Қайрат» құрамында өнер көрсетуді жалғастырады.

Дастанның жетістіктері:

▪️ QJ League-те екі маусымда 28 матчта 26 гол, 10 нәтижелі пас

▪️ QJ League 2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы

▪️ Бірінші лигада 5 матч ойнап, жеңіс голын соққан

▪️ УЕФА Жасөспірімдер лигасында 4 матчта 1 гол, 1 нәтижелі пас

 2024 жылғы мамырда 15 жасында Сәтпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →