×

Азиада-2025: Қытай құрамасындағы қазақ қызы алтын медаль иеленді

Этникалық қазақ спортшы

Азиада-2025: Қытай құрамасындағы қазақ қызы алтын медаль иеленді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Конькимен жүгіруден Қытай құрамасының мүшесі, Қытайда туып-өскен этникалық қазақ спортшы Ақнар Адаққызы Харбинде өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының алтын медаль иегері болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақ қызы әйелдер арасында конькимен жүгіруден командалық із қуу жарысында чемион атанып отыр. Қытай құрамасының нәтижесі – 3 минут 02.75 секунд.

Ал, Жапония және Оңтүстік Корея құрамалары күміс пен қола медалды өзара бөлісті.

Айта кетерлігі, осы жарыста қазақстандық Надежда Морозова, Кристина Шумекова және Мария Деген жарыс жолына шығып, өкінішке қарай жүлдеге іліне алмады. 

Конькиші Ақнар Адақ – Шынжаң өлкесі Құтыби ауданында дүниеге келген. Бұған дейін 2019 жылғы Қытай біріншілігінің 5 000 метрлік жарысында — алтын, 3 000 метрде — күміс медаль алған.

Халықаралық жарыстарға да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды
18.07.2025ж. 22:11

«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды

Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың да жұмысын сынға алды.
«Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы.
Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →