×

Жамбыл облысында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Жоба құны – 446 млн 774 мың теңге

Жамбыл облысында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

   Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік нысанның ашылуына облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, спорт ардагерлері мен саңлақтары, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа спорт кешенінің құрылысы «Ауыл –  Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілді. Жоба құны –  446 млн. 774 мың теңге.

Ғимарат 2 қабатты. Мұнда ауыл балалары мен жасөспірімдері күрес, бокс, футбол, баскетбол, волейбол сынды спорт түрлерімен шұғылдана алады.

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылында дәл осындай спорт кешенін салынады деп күтілуде.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спорт кешені (демеушілердің есебінен салынған) және 103 спорт алаңшасы бар.

 Нәтижесінде облыс халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 68,3 пайызға жетті.

 Бүгінде 503 мың адам немесе облыс халқының 41,2 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырау облысының барлық ауылы екі жыл ішінде спорттық инфрақұрылыммен қамтылады
Кеше, 17:20

Атырау облысының барлық ауылы екі жыл ішінде спорттық инфрақұрылыммен қамтылады

Жыл соңына дейін облыстағы 68 ауылдық округтің 70 пайызы спорт нысандарымен қамтылады
Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді
Жетісуда спортқа қызығушылық 42 пайызға артты
Жетісу ұлттық ойындарды жаңғыртып, жаңа буынға жол ашты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →