Бұл – хоккейден әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші жүлдесі
Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин-2025 Азияда ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді.
Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп, Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Шешуші матчтың есебі: 3-0.
Бірінші кезеңде сан басымдығын тиімді пайдаланып шабуылшымыз, капитанның бірі Малика Алдабергенова есеп ашты. Ал шешуші айналымның басында Юлия Буторина жойқын соққымен есепті еселеді. Тағы бір шайбаның авторы - Дария Молдабай.
Жалпы Қазақстан осы бәсекеде Қытайдың Гонконг (12-0), Таиланд (9-0), Қытайдың Тайпейі (5-1), Қытай (2-1), Оңтүстік Корея (1-0) командасын ұтып, тек Жапонияға (0-4) жол берді.
Бұл – хоккейден әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші жүлдесі (3 алтын, 3 қола) және соның ішіндегі алғашқы күміс медалі. Байрақты бәсекедегі жетістігімізбен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймыз!