×

Қазақстандық шорт-трекшілер тағы бір медальға ие болды

Бұған дейін олар 2025 жылғы Азия ойындарында  топ жарған болатын

Қазақстандық шорт-трекшілер тағы бір медальға ие болды
Сурет: ҰОК

Қазақстандық шорт-трекшілер Әлем Кубогында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Миланда өткен Әлем Кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды. Эстафетада Денис Никиша, Мирсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Ғалиахметов көзге түсті”, – делінген ақпаратта.

Алтынды Италия, күмісті Канада  мемлекеттері алды. Бұған дейін 2025 жылғы Азия ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер тарихи алтын жүлдеге ие болып, чемпион атанған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ақпанның басында орынбасарымен болған төбелестен кейін қызметінен кеткен
Дзюдошы неке сақинасы мен қызыл раушанның гүлшоғын көрсетті
Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →