×

Қазақстандық спортшы арада 10 жыл өткенде Денис Теннің жетістігін қайталады

Қазақстандық спортшы арада 10 жыл өткенде Денис Теннің жетістігін қайталады

Мәнерлеп. сырғанаудан Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатының ерлер бәсекесінде қазақстандық Михаил Шайдоров чемпион атанды. деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандасымыз қос сайыста өз мансабындағы рекордтық 285.10 ұпай жинады. Екінші орынды 265.02 ұпаймен Ча Джун Хван (Оңтүстік Корея) иеленді, ал үшінші орынға 245.01 ұпаймен америкалық Джимми Ма тұрақтады.

Отандасымыз негізгі бағдарламада үш аксель+төрт сальхов секірді. Бұл элемент әзірге басқа мәнерлеп сырғанаушының бағдарламасында болмай тұр.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров бұл турнирде жеңіске жеткен екінші қазақстандық атанды. 2015 жылы Сеулде Денис Тен топ жарған болатын. Ал 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алған еді.

Еске салсақ, төрт құрлық чемпионаты 1999 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған Азия, Америка, Африка, Австралия елінің спортшылары қатысады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты
17.08.2025ж. 22:47

Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты

Тағыберген бірден команда ауыстырып, «Тобыл» жейдесін киген.
Тоғызқұмалақ шеберлерінің қарсыласы күрделі алгоритмдермен жұмыс істейтін интеллектуалды компьютерлік бағдарлама

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →