×

Бүгін Төрехан Сабырхан мен Өзбекстанның Олимпиада чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен бокстасады

Төрехан Сабырхан Париж Олимпиадасының чемпионы Асахуджа Муйдинхужаевпен күш сынасады.

Бүгін Төрехан Сабырхан мен Өзбекстанның Олимпиада чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен бокстасады
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін бокстан ұлттық құрама көшбасшылары Болгарияда басталатын «Странджа» кубогына қатысады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Жарыстың алғашқы күні-ақ тартысқа толмақ. Бірден ел қазақ пен өзбек теке-тіресі болады.

Бірінші айналымда 60 келіде Серік Теміржанов Париж Олимпиадасының чемпионы Абдумалик Халоковпен, 67 келіде Төрехан Сабырхан Париж Олимпиадасының чемпионы Асахуджа Муйдинходжаевпен күш сынасады. Ал 54 келіде Махмұд Сабырхан мен Хасанбой Дусматов тек финалда жолығуы мүмкін.

Жеребе қорытындысы мынандай:

48 келі:

Санжар Тәшкенбай – Руни Луис (Ирландия);

Теміртас Жүсіпов – Субхан Мамедов (Әзербайжан);

51 келі:

Даниал Сәбит – Давит Жапаридзе (Грузия);

Бекзат Алдамжаров – Ники Кумингс (Франция);

54 келі: 

Махмұд Сабырхан – Башким Бажоку (Франция);

Тимур Қабдешев – Хинминг Ма (Қытай);

57 келі: 

Оразбек Асылқұлов – Овейн Харрис-Аллен (Уэльс);

Дәулет Молдашев – Зелимхан Молдашев (Әзербайжан);

60 келі:

Талғат Сырымбетов –  Болгария немесе Қытай өкілімен кездеседіы

Серік Теміржанов –  Абдумалик Халоков (Париж Олимпиадасының чемпионы, Өзбекстан);

63,5 келі:

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Саба Ткебучава (Грузия);

Ертуған Зейнуллинов – Владислав Лисовый (Болгария);

67 келі:

Төрехан Сабырхан – Асахуджа Муйдинходжаев (Париж Олимпиадасының чемпионы, Өзбекстан);

Санатәлі Төлтаев – Мехмед Емирджан (Болгария);

71 келі:

Абылайхан Жүсіпов – Алексей Ширяев (Украина);

Фарух Тохтасынов – Патрик Хьюитт (Англия);

75 келі:

 Сабыржан Ақхалықов – Ремо Сальвати (Италия);

 Тимур Нурсейітов  –  Расим Чобанли (Әзербайжан);

80 келі:

Азамат Бектас –  Лаки  Аймуфуа (Австрия);

 Ерасыл Жақпеков – Икбал Умайс (Пәкістан);

86 келі:

 Нұрбек Оралбай –  Мануэль Жечев (Болгария);

Бекзад Нұрдәулетов – Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)

92 келі:

 Данияр Рахымбердинов – Вагкан Наницанян (Грекия);

+92 келі:

Нұрлан Сапарбай – Чжэнвэй Ван (Қытай);

 Айбек Оралбай – Вахаб Тахир Абдул (Пәкістан).

Аталған турнирге Қазақстан құрамасының боксшылары 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында отандық боксшылар 12 алтын, 16 күміс, 28 қола медаль жеңіп алған. Бір қызығы, бүгінге дейін бірде-бір қазақстандық боксшы бұл турнирде екі мәрте чемпион болмаған. Биылғы құрамда Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан бұл межені бағындыруға мүмкіндігі бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →