×

Старанджа кубогы: қазақстандық 3 боксшы жартылай финалға жолдама алды

Тағы бір қазақстандық боксшы ширек финалға жолдама алды

Старанджа кубогы: қазақстандық 3 боксшы жартылай финалға жолдама алды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Болгарияның астанасы София қаласында бокстан халықаралық "Странджа турнирі" өтіп жатыр. Үш бірдей қазақстандық боксшы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

86 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов француз Абулайе Траоремен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзат 5:0 есебімен жеңіске жетіп жартылай финалға өтті.

Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай ағылшындық Скотт Тигнмен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Өз кезегінде Айбек Оралбай да жартылай финалда өнер көрсететін болады. Ол ирландиялық Годстайм Идемудианы 5:0 есебімен жеңді.

Тағы бір қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов ағылшындық Патрик Хейвитті жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда мәнерлеп сырғанаудан даярлау үшін тиісті жағдайдың жоқтығы туралы айтқан болатын
Михаил Шайдоров – жеке сырғанауда өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаушы
Ол финалда белтемірде ешкімге дес бермей, сенімді жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →