×

«Странджа» кубогы: Қазақстан боксшылары финалда өзбек жігіттерін жеңе алмады

Қазақстан биылғы жарыста ең үздік көрсеткішін тіркеді

«Странджа» кубогы: Қазақстан боксшылары финалда өзбек жігіттерін жеңе алмады
Фото: Бокс федерациясы

Бокстан Болгария астанасы Софья қаласында дәстүрлі «Странджа» кубогы аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте топ жарды. Бірақ өзбек боксшыларымен кездесуде барлық жерлестеріміз ұтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осымен 76-шы рет өткен жарыста Қазақстан сапынан Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов 86 (келі) чемпион атанды.

Өкінішке қарай, финалда бірнеше боксшымыз өзбекстандық қарсыластарынан жеңілді. Атап айтсақ, 54 келі салмақта Тимур Қабдешов Шахзод Музафаровқа есе жіберді. Одан кейін 80 келідегі Ерасыл Жақпеков Фазлиддин Еркінбоевтан, аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай Жахонгир Закировтен айласын асыра алмады.

Дегенмен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 1-орын алды. Жүлделер саны бойынша да қара үзді. Алтын бойынша Өзбекстанмен тең болғанымызбен, күмістен Қазақстан озық шықты.

Қазақстан биылғы жарыста ең үздік көрсеткішін тіркеді.

Алтын алғандар:

 Ертуған Зейнуллин (63,5 келі)

Төрехан Сабырхан (67 келі)

Абылайхан Жүсіпов (71 келі)

Сабыржан Аққалықов (75 келі)

Бекзад Нұрдәулетов (86 келі)

Күміс алғандар:

 Даниял Сәбит (51 келі)

Тимур Қабдеш (54 келі)

Серік Теміржанов (60 келі)

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі)

Фарух Тоқтасынов (71 келі)

Тимур Нұрсейітов (75 келі)

Ерасыл Жақпеков (80 келі)

Нұрбек Оралбай (86 келі)

Айбек Оралбай (+92 келі)

Қола алғандар:

Теміртас Жүсіпов (48 келі)

Оразбек Асылқұлов (57 келі)

Талғат Сырымбетов (60 келі)

Данияр Рахымбердиев (92 келі).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Асу Алмабаев UFC-де алғаш рет жеңілді
Кеше, 11:00

Асу Алмабаев UFC-де алғаш рет жеңілді

Ол өз жанкүйерлеріне алғыс айтып, алдағы мақсаттарын айқындап өтті:
Дүбірлі додаға әлемнің 20-дан астам елінің 200-ге жуық балуаны қатысқан
Тағы бір қазақстандық боксшы ширек финалға жолдама алды
Странджа халықаралық турнирі кіші әлем чемпионатына жатады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →