×

Тамаққа бөлінген қаржыны жымқырған: «Жетісу» футбол клубы директоры сотталды

Ол 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп айыпталған

Тамаққа бөлінген қаржыны жымқырған: «Жетісу» футбол клубы директоры сотталды
Сурет: Бейнеден кадр

«Жетісу футбол клубы» КМҚК директоры сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қвызметі мәлімдеді.

“Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды. Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды”, – делінген Антикор хабарламасында.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді
Кеше, 07:26

Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді

Бұған дейін Интер бірде-бір гол өткізбеген еді
Жыл соңына дейін облыстағы 68 ауылдық округтің 70 пайызы спорт нысандарымен қамтылады
Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді
Жетісуда спортқа қызығушылық 42 пайызға артты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →