Асхат Тағыберген сияқты ойыншылар қазір ойнай алмайды да, кетпейді де, отыр.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сенбі күні жергілікті тұрғындармен кездесті. Сол жерде «Ордабасы» клубының мәселесі айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әдетте, футболшылардың жалақысы коммерция ретінде құпия ұсталатын. Бұл жолы әкімі көп жалақы ойыншылардың атын жария ете салды. Оның сөзіңше, «Ордабасыда» қазір 15-20 миллион айлық алып отырғандар бар.
Ойыншылардың орташа айлығы - 15 миллион теңге. Екі жылға келісімшартқа отырған. УЕФА-ға тіркеп қойған. Біз оны тоқтатсақ, онда соңына дейін айлығын төлеп беруіміз керек. Ештеңе істей алмаймыз. Бәрімен сөйлесіп, біртіндеп кетіріп жатырмыз. Ашығын айтайын, Асхат Тағыберген сияқты ойыншылар қазір ойнай алмайды да, кетпейді де, отыр. 20 миллион теңге жалақыдан алып отыр. Мен ештеңе істей алмаймын. Тоқтатсам, соңына дейін төлеп беруім керек, - дейді Ғабит Сыздықбеков.
«Ордабасы» клубы 2023 жылы алғаш рет өз тарихында Қазақстан чемпионы атанған. Сол кезде команда капитаны Асхат Тағыберген жылдың үздік ойыншысы болды.