×

Алғаш рет Қазақстан кубогын жеңіп алған «Семей» клубын облыс әкімі құттықтады

«Семей» өз тарихында алғаш рет Қазақстан кубогына ие болды.

Алғаш рет Қазақстан кубогын жеңіп алған «Семей» клубын облыс әкімі құттықтады

Талдықорғанда футзалдан Қазақстан кубогының финалы өтті. Биылғы маусымның шешуші ойынында «Семей» мен «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Финал ірі есеппен аяқталды. Қызық болғанда «Қайрат» жеңіліп қалды. Әйтпесе, Алматы клубы жылда жеңгеніне жанкүйерлер үйреніп қалған. «Семей» сапынан Кайо Торрес дубль жасаса, Дедезиньо, Кандидо және Дәрібай бір-бір голдан соқты. «Қайраттың» қатарынан тек Денер бір доппен жауап қайтарды. Қорытынды есеп – 5:1.

«Семей» өз тарихында алғаш рет Қазақстан кубогына ие болды.

Қазақстан кубогы 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Содан бері «Қайрат» 19 мәрте кубокты төбесіне көтерсе, олардан басқа қарағандылық «Тұлпар», ақтаулық «Мұнайшы», «Ақтөбе» және өзге клубтар жеңімпаз болды.

Команданы осы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Семей футзалы үшін тарихи сәт. 2023 жылы ғана құрылған клуб осындай жоғары жетістікке жетіп, бәрімізді қуантты.

Футболшылар мен бапкерлер құрамы Семей қазақ футболының алтын бесігі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер. Біз өздеріңізбен мақтанамыз!- деді ойыннан кейін Абай облысының әкімі Берік Уәли.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта екінші рет: Александр Бублик Мадридте "Мастерс" турнирінің чемпионын жеңді
28.04.2025ж. 12:18

Тарихта екінші рет: Александр Бублик Мадридте "Мастерс" турнирінің чемпионын жеңді

Оның қарсыласы ATP рейтингінде өзінен 68 саты жоғары тұрған
Бұрынғы жылдары Қазақстаннан «Рахат» (Алматы), «Алтай» (Өскемен) және «Қуаныш» (СҚО) командалары топ жарған еді.
Бұл күнгі Стокгольмде қабылданған шешімнен кейін жыл сайынғы дәстүрлі мерекеге айналған
Екеуі де жартылай марафонys4 21,1 км қашықтығына тіркелген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →