×

Алматы қаласы спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ол оған дейін Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарған

Алматы қаласы спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы қызметіне Дархан Нұрханұлы тағайындалды.

Дархан Нұрханұлы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің түлегі. Сонымен қатар, ол қаржы саласында орта білім мен заң саласында жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2011 жылы құрылыс компаниясында жұмысшы ретінде бастаған. Ол мемлекеттік құрылымдарда жетекші маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейін көтерілді.

2020-2021 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының әлеуметтік даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері бойынша кеңесшісі болды.

Кейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2022 жылы тамыз айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты
17.08.2025ж. 22:47

Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты

Тағыберген бірден команда ауыстырып, «Тобыл» жейдесін киген.
Тоғызқұмалақ шеберлерінің қарсыласы күрделі алгоритмдермен жұмыс істейтін интеллектуалды компьютерлік бағдарлама

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →