Ол финалда белтемірде ешкімге дес бермей, сенімді жеңіске жетті
Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Милад Карими топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол финалда белтемірде ешкімге дес бермей, сенімді жеңіске жетті. Ол бұл жаттығуда 14.666 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті.
Бұл — Каримидің аталған турнирдегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол еркін жаттығуларда қола медаль жеңіп алған болатын.
Финалдағы екінші орынды Израиль атынан қатысқан Александр Мякинин иеленді — 14.433 ұпай. Ал үшінші орын Қытай гимнасы Чени Се-ге бұйырды — 14.300 ұпай.
Осиекте Қазақстан құрамасы жалпы үш жүлде жеңіп алды. Каримиден бөлек, Нариман Құрбанов та жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол аттың қырымен жаттығуда қола медаль иеленді.