×

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде топ жарды

Ол финалда белтемірде ешкімге дес бермей, сенімді жеңіске жетті

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде топ жарды
Фото: ҚР ҰОК

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Милад Карими топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол финалда белтемірде ешкімге дес бермей, сенімді жеңіске жетті. Ол бұл жаттығуда 14.666 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті.

Бұл — Каримидің аталған турнирдегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол еркін жаттығуларда қола медаль жеңіп алған болатын.

Финалдағы екінші орынды Израиль атынан қатысқан Александр Мякинин иеленді — 14.433 ұпай. Ал үшінші орын Қытай гимнасы Чени Се-ге бұйырды — 14.300 ұпай.

Осиекте Қазақстан құрамасы жалпы үш жүлде жеңіп алды. Каримиден бөлек, Нариман Құрбанов та жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол аттың қырымен жаттығуда қола медаль иеленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта екінші рет: Александр Бублик Мадридте "Мастерс" турнирінің чемпионын жеңді
28.04.2025ж. 12:18

Тарихта екінші рет: Александр Бублик Мадридте "Мастерс" турнирінің чемпионын жеңді

Оның қарсыласы ATP рейтингінде өзінен 68 саты жоғары тұрған
Бұрынғы жылдары Қазақстаннан «Рахат» (Алматы), «Алтай» (Өскемен) және «Қуаныш» (СҚО) командалары топ жарған еді.
Бұл күнгі Стокгольмде қабылданған шешімнен кейін жыл сайынғы дәстүрлі мерекеге айналған
Екеуі де жартылай марафонys4 21,1 км қашықтығына тіркелген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →