×

«Ұлттық спорттар «Art Sport»-қа неге енбей отыр?»: депутат Смолякова дабыл қақты

"Art Sport"-та 63 спорт түрі бар

«Ұлттық спорттар «Art Sport»-қа неге енбей отыр?»: депутат Смолякова дабыл қақты
Фото: gov.kz

Бүгін Мәжілісте «Ұлттық спорт түрлерін дамыту туралы» комитеттің тақырыптық отырысында депутат Екатерина Смолякова «Art Sport» сынды бағдарламаларға ұлттық спорт түрлерінің енгізілмеуі жайлы мәселе көтеріп, өз ұсынысын жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қаржыландырылатын «Art Sport», «Damubala» сияқты бағдарламалар бар. Соның тізіміне тоғызқұмалақ, асық ату, дәстүрлі садақ ату сынды ұлттық спорт түрлерін толық енгізуге қандай кедергілер бар? Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Нақты қандай шешімдер қарастырылған?» – деп сұрады депутат Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаевтан.

Министрлік не дейді

Министрліктің сөзінше, қазіргі уақытта «Art Sport» бағдарламасы бойынша бір ғана ұлттық спорт түрі -  қазақ күресі бар. Жалпы алғанда онда 63 спорт түрі бар.

«Көптеген мәселе бар. Президенттің кеңесшісі Тамара Қасымқызы осы мәселе бойынша бізге арнайы жұмыс тобын құрған. Біз осыдан бір-екі жыл бұрын қозғаған мәселені қарастырып жатырмыз. Ол осы «Art Sport»-ты бірлестіріп, бір ұйымнан қаржыландырылса деген мәселені қарастырып жатырмыз. Қазіргі көтеріліп жатқан сұрақтарға байланысты тек қана тоғызқұмалақ емес, негізгі тізімін кеңейтіп, 63 спорт түрімен шектелмей, басқа да спорт түрлерін енгізсек деген мәселені көтеріп жатыр. Заң қабылданғаннан кейін көптеген басым спорт түрлеріне кірмейтін спорт түрлері шектеледі. Үлкен жұмыс тобы өз жұмысын жасап жатыр. Ұлттық спорт түрлері нақты кіргізіле ме, жоқ па – оны айту үшін ерте. Сондықтан бұл сұрақты қарастыруға дайынбыз», – деді отырыста Серік Жарасбаев.

Біздің сұрақ

Комитет отырысынан кейін Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаевтан «Art Sport» сынды бағдарламаларға алдағы уақытта қандай ұлттық спорт түрлері енуі мүмкін екенін және олардың 63 спорт тізімінің қатарында болмауының себебін Qaz365.kz тілшісі сұрап көрді.

«Депутаттың ұсынысы орынды. Бірақ қазір бірауыздан қолдаймыз деп айту ертерек. Неге десеңіз, өзінің ережелері бар. қазіргі уақытта бізде арнайы жұмыс жүргізіліп жатыр. Қандай бағдарламалар болсын. Ең басты ұсыныс – сол спорт түрлерін кеңейту. Енді сол жерге қандай ұлттық спорт түрлері кіретінін айту қиын. Зерттеу керек, сараптама жасау керек. 63 спорт түрі бекітілген кезде көптеген федерациялар ұсыныстарын жіберді. Сондықтан Қазақ күресі федерациясы нақты ұсыныс жасап, қаржыландыруды көздеген кезде ұсыныс қабылданды. Ал басқа Федерациялардан да ұсыныс күтеміз. Содан жұмыс тобы соны қарастырады», – дейді министрлік өкілі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Almaty Arena" және "Halyk Arena" коммуналдық меншікке қайтарылды — конькишілер мұз айдынына оралды
Бүгін, 10:13

"Almaty Arena" және "Halyk Arena" коммуналдық меншікке қайтарылды — конькишілер мұз айдынына оралды

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда мәнерлеп сырғанаудан даярлау үшін тиісті жағдайдың жоқтығы туралы айтқан болатын
Михаил Шайдоров – жеке сырғанауда өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаушы
Ол финалда белтемірде ешкімге дес бермей, сенімді жеңіске жетті
Турнирдің финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →